Skip to content

№20 жалпы білім беретін мектебінде Мұнайлы ауданы мектептерінің оқушыларын «Жас…

№20 жалпы білім беретін мектебінде Мұнайлы ауданы мектептерінің оқушыларын «Жас ұлан», «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ ұйым мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымын дамыту болып табылады.

Салтанатты жиын барысында оқушылар ұйым қатарына қабылданып, арнайы төсбелгілер мен галстуктар табысталды. Сонымен қатар, қатысушыларға ұйымның мақсат-міндеттері түсіндіріліп, ел болашағы жолында білімді, тәрбиелі әрі белсенді тұлға болып қалыптасуға шақырылды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады.