Skip to content

22.05.2026 күні мектебіміздің 4 “Ж” сыныбында “Қош бол, бастауышым!” атты…

22.05.2026 күні мектебіміздің 4 “Ж” сыныбында “Қош бол, бастауышым!” атты бастауышпен қоштасу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 🌸

Бұл – төрт жыл бойы алғашқы білім баспалдағын бірге жүріп өткен, талай жетістікке жеткен шәкірттердің жүрек толқытар ерекше сәті болды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып, бастауышпен қимастықпен қоштасты. 🎶💃

Кеш барысында ата-аналар мен ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, оқушылардың жетістіктері мен өнері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір баланың жүзінен қуаныш пен толқу қатар сезілді. ✨

Осындай мәні мен мағынасы терең, әсерлі кештің өтуіне себепкер болған сынып жетекшісі Кузугарова Алтынай апайға ерекше алғысымызды білдіреміз! 💐

4 “Ж” сыныбына алдағы өмір жолында тек сәттілік, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз! 🌟