23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ауылымыздағы “Айзере” балабақшасының бүлдіршіндері кітапханаға арнайы келіп, кітап әлемімен танысты 📚✨
Кішкентай қонақтар үшін қызықты көрме ұйымдастырылып, ертегілер мен түрлі танымдық кітаптар таныстырылды. Балалар кітаптардың сиқырлы әлеміне саяхат жасап, өздеріне ұнаған кейіпкерлермен жақынырақ танысты 😊
Осындай әсерлі кездесулер бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын оятады. Кітап – сарқылмас қазына! 📖💫
KZ

