Skip to content

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай 🥗 Бүгін…

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай 🥗
Бүгін мектебімізде тамақтану мәдениеті тақырыбында маңызды жиналыс өтті. Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы кеңінен ақпарат алды.
Жиналыста пайдалы және зиянды тағамдар, күнделікті ас мәзірін дұрыс құрастыру, дәрумендердің маңызы және салауатты өмір салтын ұстану жолдары талқыланды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенді қатысып, қызықты пікірлер айтты.
Осындай шаралар арқылы біз денсаулықтың қадірін түсініп, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бір қадам жақындай түсеміз.
Денсаулық – зор байлық, ал дұрыс тамақтану – оның негізі! 💚
#ДенсаулықКүні #СалауаттыӨмір #ДұрысТамақтану #МектепӨмірі