7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімі Жарбаев Ақжігіт Майлыбайұлының ұйымдастыруымен дзюдо спортынан оқу-жаттығу сабағы өткізілді 🥋💪
Оқушылар спорттың қыр-сырын меңгеріп, өз шеберліктерін шыңдады. Мұндай шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттырады 🌿✨
Салауатты өмір — жарқын болашақ кепілі! 💚🏃♂️
#дүниежүзілікденсаулықкүні
KZ

