Skip to content

9–10–11 сынып қыздарына арналған ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында түсіндірме…

9–10–11 сынып қыздарына арналған ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында түсіндірме жиналысы өтті.
Жиналыс барысында жасөспірімдер денсаулығы, жеке жауапкершілік, болашақты дұрыс жоспарлау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы маңызды ақпараттар берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың саналы таңдау жасап, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі! 🌸
#МектепӨмірі #ТәрбиеСағаты #СалауаттыӨмір