2026 жылдың 8 сәуір күні 11-сынып оқушылары арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кезекті сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларға жаңа Конституцияның маңыздылығын түсіндіру, білім алудың мемлекеттік саясаттағы рөлін ұғындыру және құқықтық сауаттылықтарын арттыру арқылы «Адал азамат» тұлғасын қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушыларға еліміздің негізгі заңы — Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістер мен білім саласындағы жаңа басымдықтар туралы презентация көрсетілді.
«Білім — болашақ кепілі» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылып, оқушылар мемлекет тарапынан білім алуға жасалған жағдайлар мен өздерінің азаматтық жауапкершіліктері туралы ой бөлісті.
Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді әрі адал маман болудың маңыздылығы талқыланды.

KZ
