Skip to content

Мектебімізде 5-сынып оқушыларына арналған «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында…

Мектебімізде 5-сынып оқушыларына арналған «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беріп, еңбекке деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, өздерінің болашақта таңдағылары келетін мамандықтары туралы айтып, армандарымен бөлісті. Түрлі тапсырмалар мен қызықты сұрақ-жауаптар арқылы оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті.
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын қалыптастыруға ықпал етіп, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға негіз болды.