Skip to content

Ата-аналар назарына! Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің, №20 келешек мектебінің…

Ата-аналар назарына!

Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің, №20 келешек мектебінің әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қонырау,қорытынды
аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9-сынып
бітірушілерге катысты келесі маңызды ескертулерді
назарларыңызға ұсынады:
-Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
-Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
-Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті
санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу
мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
-Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында
автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына,
мейрамханаларға,дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат
етілмейді.
-Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-
аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға,
қаражат жинауға тыйым салынады.
-Қорытынды аттестаттау барысында мектеп
формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір окушы үшін міндет.
Ескерту:
Аталған талаптар 4,9 – сынып оқушылары мен ата-
аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,
педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында
енгізілген.