Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі
Бүгін мектебімізде қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған ерекше шара өтті 🌍
🔬 Бірінші алаңда химия пәні мұғалімі Қылышжанова Гулараның “Эко жобасы” таныстырылды. Жоба оқушыларға қалдықтарды сұрыптау мәдениетін үйретіп, табиғатты қорғаудың маңызын түсіндірді.
🎨 Екінші алаңда сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың табиғатты аялауға үндейтін шығармашылық жұмыстары ұсынылды.
🗺 Үшінші алаңда география пәні мұғалімі Кадирханов Нұрболдың экология және туризм бағытындағы жобасы таныстырылды. Бұл жоба табиғатты қорғау мен туризмді ұштастырып, экологиялық сананы дамытуға бағытталған.
🌱 Сонымен қатар, биология пәні мұғалімдерінің гидропоника жобасы арқылы топырақсыз өсімдік өсірудің заманауи тәсілдері көрсетілді.
💧STEM бағыты бойынша су тазартатын құрылғы жобасы ұсынылып, суды сүзу арқылы тазарту жолдары түсіндірілді.
🌾Төртінші алаң – “Жас агрономдар” жобасы оқушылардың өсімдіктерді күтіп-баптау, отырғызу және табиғатқа жанашырлықпен қарау дағдыларын көрсетті.
Бұл шара – болашаққа бейжай қарамайтын, табиғатты қорғауға дайын ұрпақ тәрбиелеудің жарқын үлгісі!
KZ

