♻️ 2026 жылдың 20–30 сәуір аралығында “Шығармашыл педагог-сапалы білім негізі” тақырыбында педагог-модераторлар онкүндігінің қорытынды отырысы болып өтті. Онкүндік жоспарына сәйкес бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, педагогтер тарапынан ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, коучингтер мен семинарлар өткізілді. Ашық сабақтар барысында мұғалімдер оқытудың жаңартылған мазмұнына сай белсенді әдіс-тәсілдерді, цифрлық ресурстарды тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар көрсетті.
Онкүндік аясында өткізілген іс-шаралар педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге оң әсерін тигізді. Сонымен қатар, ұсынылған инновациялық идеялар мен тиімді әдістер оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға ұсынылды✅
KZ

