Skip to content

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ ҰСТАЗДАР! Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің…

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ ҰСТАЗДАР!

Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің “№20 жалпы білім беретін мектеп” КММ 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында төмендегі талаптарды қатаң сақтауды ескертеді.

-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мұғалімдерге сыйлық беру, ата-аналардан ақша жинау және кез келген қаржылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.

-Оқу жылының соңғы күндерінде сабаққа қатысу міндетті болып табылады. Оқушылардың себепсіз сабақ босатуына жол берілмейді.

-Мектеп қабырғасында өткізілетін барлық мерекелік және тәрбиелік іс-шаралар санитарлық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылуы тиіс.

-Бітіруші түлектерге арналған кештерді мейрамханаларда, кафелерде, ойын-сауық орталықтарында және басқа да қоғамдық демалыс орындарында өткізуге рұқсат етілмейді.

-Кәмелетке толмаған оқушылардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз су айдындарына, табиғат аясына, қала сыртына және демалыс орындарына шығуына жол берілмейді.

-Жазғы демалыс кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау, судағы қауіпсіздік талаптарын орындау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша балаларға тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

-Әрбір ата-ана баласының қауіпсіздігіне, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына және қоғамдық тәртіпті сақтауына жауапты екенін еске саламыз.

❗ Оқушылардың өмірі мен денсаулығы – басты құндылық.
Баршаңызды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

Мектеп директоры: Камшат Бақытжанқызы