Бүгінде жасанды интеллект (ЖИ) – білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Біздің мектебімізде де ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мұғалімдеріміз арнайы ЖИ курстарынан өтіп, заманауи құралдарды өз сабақтарына белсенді кіріктіріп келеді. Нәтижесінде сабақтардың мазмұны байып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артуда. Әсіресе бастауыш сыныптарда ұйымдастыру кезеңдерінде ЖИ құралдары кеңінен қолданылып, оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыруға, қызықты тапсырмалар ұсынуға үлкен мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, ЖИ-ге қызығушылық танытатын оқушылар үшін практикалық сабақтар ұйымдастырылып, олардың цифрлық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалуда. Апта сайын мұғалімдерге арналған семинарлар өткізіліп, тәжірибе алмасу, жаңа платформалармен танысу және ЖИ-ді сабаққа тиімді кіріктіру жолдары талқыланады.
Сонымен қатар мектебімізге еліміздің ЖИ бойынша шебері, сарапшы Тимур Бекнур қонақта болып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында жасанды интеллектінің болашағы, білім саласындағы мүмкіндіктері және оны тиімді қолдану жолдары туралы құнды ақпараттар ұсынылды. Бұл кездесу мұғалімдер мен оқушыларға үлкен мотивация сыйлады.
Жасанды интеллект – тек технология емес, ол білім сапасын арттыруға, оқытуды жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қуатты құрал. Біз болашақ білімін бүгіннен бастап қалыптастыру жолында жұмысымызды жалғастыра береміз!
KZ





