22.05.2026 күні мектебіміздің 4 “Е” сыныбында “Қош бол, бастауышым!” атты бастауышпен қоштасу кеші жоғары деңгейде өтті. 🌸
Бұл кеш – төрт жыл бойы білім нәрімен сусындап, алғашқы ұстаздарының тәлім-тәрбиесін алған шәкірттердің жүрекке жылы естеліктерге толы ерекше сәті болды. Оқушылар ән айтып, би билеп, өлеңдер оқып, бастауышпен қоштасудың әсерлі көңіл-күйін сыйлады.
Кеш барысында ата-аналар мен ұстаздарға алғыстар айтылып, оқушылардың жетістіктері мен өнерлері көрермен көңілінен шықты. Әр баланың жүзінен қуаныш пен толқыныс сезіліп тұрды. ✨
Осындай тәрбиелік мәні зор кешті ұйымдастырып, шәкірттеріне бағыт-бағдар берген сынып жетекшісі Досбергенова Жанат апайға ерекше алғыс білдіреміз! 💐
4 “Е” сыныбына алдағы уақытта сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз! 🌟
KZ

