Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының №20 жалпы білім беретін мектебінде биыл ерекше әрі есте қаларлық соңғы қоңырау салтанаты өтті. Мектеп қабырғасынан 86 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Бұл — білім ордасының алғашқы түлектері болғандықтан, мерекенің маңызы тіпті ерекше болды.
“Бала шақтан Болашаққа” тақырыбымен әуежай форматында ұйымдастырылған кеш түлектердің өмір жолындағы жаңа сапардың басталуын бейнеледі. Салтанатты шара барысында түлектердің жетістіктері ерекше аталып өтті. Биыл мектептен 5 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Сонымен қатар, халықаралық IELTS ағылшын тілі сертификатын иеленген және Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын KAZTEST жүйесін жоғары деңгейде тапсырған оқушылар да бар.
Білім мен тәрбиеге негізделген бұл мектептің алғашқы түлектері болашаққа нық қадам басып, үлкен өмірге сеніммен аттанды. Соңғы қоңырау — тек қоштасу емес, жарқын болашаққа бастар жаңа белес болды.
KZ

