Skip to content

🌍«Әлем – балалар көзімен!»🎨🎬 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау…

🌍«Әлем – балалар көзімен!»🎨🎬

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде «Әлем – балалар көзімен!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында балалар үшін қызықты әрі танымды алаңдар жұмыс жасады. Кинотаймда балалар әсерлі мультфильмдер тамашаласа, Суретшілер алаңында өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылықтарын көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, түрлі қызықты ойындар мен сайыстар өткізілді.

Мерекелік іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шаттыққа бөледі. Балалардың жарқын күлкісі мен қуанышты сәттері мерекенің басты көркіне айналды.

Балаларымыздың балдәурен балалық шағы бақытқа, қуанышқа және жарқын жетістіктерге толы болсын! 💐✨

#БалалардыҚорғауКүні #ӘлемБалаларКөзімен #1Маусым #МерекелікШара #БақыттыБалалықШақ МектепӨмірі