📚 Ашық сабақ
Бүгін 3 “Г” сыныбында “Презентация дизайны” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар презентация құрудың негізгі ережелерімен танысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Оқушылар белсенді қатысып, қызығушылықпен жұмыс жасап, түрлі заманауи идеялар ұсынды. Әр оқушының өзіндік көзқарасы мен креативті ойлауы ерекше байқалды.
Осындай сабақтар оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді ✨
👏 3 “Г” сыныбына алғыс білдіремін!
Өткізген: Орунбасар Айгерім Халбайқызы

KZ
