Skip to content

“Мектеп пен ата-ана, бала-бірлескен тәрбие алаңы” тақырыбында Әкелер онкүндігі аясында…

“Мектеп пен ата-ана, бала-бірлескен тәрбие алаңы” тақырыбында Әкелер онкүндігі аясында ұйымдастырылған “Шебер әке мен бала” атты шебер сабақта әкелер мен балалар бірлесіп құстың ұясын жасап, өзара ынтымақ пен сыйластықты нығайтты. Іс-шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау, құстарға қамқорлық жасау және еңбекке баулу туралы мағыналы ойлармен бөлісті. Әкелер өз шеберліктерін көрсетіп, балаларға ағашпен жұмыс жасаудың қарапайым тәсілдерін үйретті. Осындай тағылымды шара бала мен әке арасындағы байланысты күшейтіп, ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
Мақсаты:

Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
Балаларды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
Әкелердің отбасындағы рөлін насихаттау;
Бірлескен шығармашылық арқылы ұйымшылдық пен жауапкершілікті дамыту.