🌿Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі🌿
Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының №10, 15, 19, 20 мектептерінің түлектері “Таза Қазақстан” акциясы аясында игі бастамаға үлес қосып, тал егу рәсімін өткізді 🌱
Бұл шараның басты мақсаты – туған жердің табиғатын қорғау, қоршаған ортаны көгалдандыру және келешек ұрпаққа таза әрі көрікті мекен қалдыру. Әр отырғызылған тал – болашаққа жасалған үлкен қадам 🌳
Түлектер үшін бұл күн тек естелік емес, сонымен қатар жауапкершілік пен қамқорлықтың белгісіне айналды. Бүгін егілген талдар ертеңгі жарқын болашақтың символы болмақ ✨
KZ

